Меню KDT

Жемқорлыққа қарсы жоспар


Ақпараттық материалдар

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша бірыңғай ақпараттық күн өткізілді

А.ж. 13 қарашасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша өңірлік ақпараттық-ағарту штабының бастамасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша бірыңғай ақпараттық күн өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты — ұжымда жемқорлық бұзушылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелерінде қоғаммен байланысты дамыту.

Осы жылдың 6 қазанында мемлекет Басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету агенттігімен өңделген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Іс-шараны ашу кезінде басшы Эльдар Шумеков осы семинардың маңыздылығы мен өзектілігін айтты.

«Қоғамдық бақылау жөнінде» заң тұжырымдамасының жобасын әзірлеу кезінде ҮЕҰ өкілдері, халықаралық және қазақстандық сараптушылар, қоғамдық кеңестің мүшелері қатысатынын айтты.

Бұл мемлекет аппаратының қоғам алдындағы айқындылығы мен есептілігін арттыруға жәрдемдеседі, өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге оң ықпалын тигізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуде белсенді азаматтар мен қоғамдық бақылау өте маңызды.

Семинар өнімді өтті, іс-шараның барысында қатысушылар белсенді өз пікірлерімен бөлісті.

 

 

Өз үлесіңді қос!

2018 жылы 24 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз есігін айқара ашты. Миссиясы — тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.

Жоба үш саланы қамтиды: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау; қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Аталған салалар бірқатар бағыттарды қарастырады. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдайлар жасау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: білім беру; денсаулық сақтау; әлеуметтік қамсыздандыру; сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары; Мемлекеттік кіріс органдары; сот және құқық қорғау органдары; Бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі.

Жобалық кеңсе – кешенді талдау негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға бағытталған мемлекеттік органдарды «Қайта жүктейді».

Осыған байланысты, Солтүстік Қазақстан облысының бей-жай емес және жауапты азаматтарын мемлекеттік органдарды трансформациялауына қатысуға шақырамыз.

Ұсынымдарды, проблемалық мәселелерді және кеңестерді sqoalaldyk@gmail.com поштаға жіберулеріңізді немесе 8 (7152) 46-06-81, 46-58-89 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Өз үлесіңді қос!

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Мектеп формасы

Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Ақорда

ҚР Білім Министрлігінің сайты

"Преснов ЖОББМ" КММ директоры Мусабаев Бауыржан Балтабаевич

 

Баланың мектепке дайындығын қай критерий бойынша анықтауға болады?

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда28
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін1
  • Желіде:0


Пайдалы сілтемелер