Меню KDT

Новости

«CLIL» - Үштілділік оқыту бағдарламасы

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үштілді білім беру стратегиясын дамыту мақсатында Сәуір айының 10 жұлдызында 2019 ж Жамбыл ауданының тірек мектептерінің бірінде -«Преснов жалпы орта білім беру мектебінде «CLIL» - Үштілділік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді әдісі» тақырыбында семианар өтті.
Семинардың мақсаты: химия,биология,физика,информатика мұғалімдерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағылшын тілін енгізу бойынша іс- тәжірибе алмасу, педагог қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру. 
Семинарда биологиядан «Споралылардың тіршілік циклі» атты және физика пәнінен ашық сабақтар өткізілді. Сабақ берген мұғалімдер: Макжанова А.К,Касен Ж.
Химия пәнінің мұғалімі Жанмуханова Г.К. «CLIL» - Үштілділік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді әдісі» тақырыбында семинарға қатысқан мұғалімдермен коучинг өткізді. 
Мұндағы мақсат: мектеп мұғалімдерімен тәжирібе алмасу, пән мен тілді кіріктіріп оқытуға байланысты негізделген әдіспен таныстыру, балалармен дұрыс жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. 
Семинар барысында 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оларға мақсатты тіл және тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту әдістемесін (CLIL – Content and Language Integrated Learning) қолданылуы туралы мәселелер талқыланды.
Сабақтардан кейін мектеп оқушылары өздерінің өнерлерін ортаға салып, келген қонақтарға шағын концерт тарту етті.


Просмотров: 201

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Мектеп формасы

Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Ақорда

ҚР Білім Министрлігінің сайты

"Преснов ЖОББМ" КММ директоры Мусабаев Бауыржан Балтабаевич

 

Баланың мектепке дайындығын қай критерий бойынша анықтауға болады?

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда11
  • Осы аптада4
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0


Пайдалы сілтемелер