Меню KDT

Новости

1 қыркүйек - Білім күні

"Преснов ЖОББМ" КММ 2018 жылғы қыркүйек айының 1 күні Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған шәкірттер мен ұстаздар қуанышында шек жоқ.
Бүгін қандай шаттық толы күн еді,
Бүкіл әлем ерекше бір түрленді.
Балапанын жетектеген ата-ана,
Қуаныштан жарылардай жүрегі-деп балаларын мектепке алғаш жетектеп келіп отырған ата-аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға нұр бітсін деген жүрекжарды тілектер айтылып жатты. Салтанатты мерекемен құттықтау үшін мәртебелі қонақтар да келді. Олар: аудандық әділет бөлімінің басшысы  және де өзіміздің сүйікті ардагер ұстаздарымыз бен құрметті ата-аналарымыз. Мектеп директоры м.а. Мусабаев Бауыржан Балтабаевич  ұстаздар мен шәкірттерді алғашқы Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында білім ордамыздың тек биіктен көрінуіне атсалысуға шақырды. Сонымен қатар салтанатты жиынымыздың қонағы Қазбаева Анар Майданқызы ізгі тілектерін білдіріп, алғаш рет білім ордасының табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге еліміздің Президентінің атынан естелік сыйлық ретінде ең алғашқы кітаптарын тарту етті.
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылды.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылды.
Алғашқы қоңырау соғу салтанаты мектебіміздің озат оқушыларына берілді.
Білім күні құтты болсын!!! Шәкірттеріміз білім шыңының биігінен көріне берсін!!!

Просмотров: 737

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Мектеп формасы

Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Ақорда

ҚР Білім Министрлігінің сайты

"Преснов ЖОББМ" КММ директоры Мусабаев Бауыржан Балтабаевич

 

Баланың мектепке дайындығын қай критерий бойынша анықтауға болады?

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда29
  • Осы аптада7
  • Кеше2
  • Бүгін0
  • Желіде:0


Пайдалы сілтемелер